Ресурстық базаны, экономикалық әлеуетті және нарықтық сұранысты ескере отырып, ауылдық жерлерде импорттық аграрлық өнімдерді, тамақ өнімдерін алмастыруға және агроонеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін іске асыруға бағдарланған заманауи өндірістерді құру қажет. Осы өндірістерді дамыту мемлекеттік органдар мен даму институттарының тиісті қолдауымен жүзеге асырылады. Жұмыс істеп тұрған ауыл шаруашылығы өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру кооперацияның тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қаржы қызметтерінің, оның ішінде микрокредит берудің, қаржы лизингінің қолжетімділігін арттыру арқылы кәсіпкерлік белсенділікті дамыту үшін жағдай жасау маңызды.
Басқарылатын урбандалуды жүргізу мақсатында ауыл халқының ұтқырлығы мен көші-қонын қолдау шаралары, оның ішінде азаматтардың әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерден тірек АЕМ мен ірі қалаларға ерікті қоныстануына жәрдем көрсету арқылы қолдау көрсетіледі.
Шекара маңындағы аумақтар
Әлемдік тәжірибеге сәйкес шекара маңында орналасу аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының неғұрлым тиімді факторларының бірі болып табылады. АҚШ, Канада, ҚХР, Ұлыбритания және басқа да дамыған елдердің мысалы аумақтар өздерінің шекара маңында орналасуының артықшылықтарын пайдалана отырып, өз мемлекеттерінде озыңқы даму аймағына айналғанын көрсетеді. Шекара маңындағы өңірлердің аумақтық-кеңістікте ұйымдастырылуына әсер ететін негізгі элементтер олардың транзиттік және шекара маңында орналасуы болып табылады. Мәселен, өңірлер аумағы бойынша «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» сияқты халықаралық транзиттік дәліздердің учаскелері өтеді, тораптық теміржол станциялары бар. Шекара маңындағы өңірлер көліктік байланыстылығымен және көрші мемлекеттердің ірі қалаларына жақындығымен сипатталады.
Қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану және шекара маңындағы аумақтардың шекаралас мемлекеттермен сауда-экономикалық қатынастарын дамыту елдің аумақтық-кеңістікте дамуына ықпал ететін фактор болады.
Елдің геосаяси жағдайын күшейту және шекара маңындағы аумақтардың тұрғындарсыз қалуына жол бермеу үшін өндірістік, әлеуметтік, инженерлік-көліктік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мәселелерді шешу қажет.
Шекара маңындағы инфрақұрылымды кешенді дамыту мәселелеріне 2030 жылға дейінгі кезеңде ерекше назар аударылуы тиіс.
Шекара маңындағы өңірлерді одан әрі дамыту үшін тірек АЕМ-нің инфрақұрылымына инвестиция тарту қажет. 8 шағын қаланың (Жаркент, Зайсан, Сарыағаш, Шардара, Шемонаиха, Мамлют, Булаево, Жетісай) дамуына ерекше назар аудару қажет. Алматы облысында «Қорғас - Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын дамыту шеңберінде Нұркент қаласын дамыту жөніндегі шараларды іске асыру жалғасады.
Шекара маңындағы тірек АЕМ-нің және қалалардың инфрақұрылымын дамыту шекаралық инфрақұрылымды дамытумен қатар жүргізілуге тиіс. Өмір сүру сапасының базалық деңгейімен шекара маңындағы елді мекендердің халқы ғана емес, шекара қызметінің әскери қызметшілері мен олардың отбасылары да қамтылуға тиіс.
Көлік-логистикалық орталықтар (бұдан әрі - КЛО) ретінде шекара маңындағы өңірлердің инфрақұрылымдық әлеуетін арттыру қажет. Шекара маңындағы КЛО-ны өткізу пункттерінің жанында немесе Кеден одағының кедендік шекарасының қазақстандық учаскесінде өткізу пункттерінің аумағына жақын жерде салу қажет.
Шекара маңындағы өңірлерде Қазақстанның КЛО-сын дамытудың басым міндеттері:
транзиттік әлеуетті іске асыру;
жолаушылар тасымалын дамыту;
экспортты және экономиканың ішкі қажеттіліктерін дамыту.
Елдің шекара маңындағы аумағында логистикалық жүйенің үйлесімді құрылымын қалыптастыру үшін логистикалық объектілерді тауар ағындарына қызмет көрсету және көлік жүйелерінің жұмысы деңгейі бойынша саралау қажет. Мемлекеттік саясатты қалыптастыру кезінде Қазақстанды ашық жүйе ретінде қарастыру керек. Қазақстан өңірлерінің бәсекеге қабілеттілігін ЕАЭО, ҚХР-дың Солтүстік-Батыс бөлігі және Орталық Азия елдері өңірлері арасындағы бәсекеге қабілеттілік сияқты неғұрлым кең ауқымда қарастыру қажет.
Барлық шаралар елдің шекара маңындағы қалаларын (шектес мемлекеттердің ірі қалаларымен) симметриялы дамытумен сүйемелденуге тиіс (бәсекелес қалалар қағидаты). Шекара маңындағы өңірлер халықаралық экономикалық ынтымақтастықтың маңызды аймақтары болуға тиіс. Шекара маңы саудасына қатысу әлеуеті бар шекара маңы аумақтарында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығына ұқсас шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталықтарын құру мәселесін қарастырған жөн.
Осыған байланысты шекара маңындағы аумақтарды дамыту перспективалары ЕАЭО шеңберінде және одан тыс жерлерде олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында тауар өндірушілерді атаулы субсидиялау, кәсіпорындардың кредиттік ресурстарға қол жеткізуін қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету ауыртпалығын төмендету; шикізаттық емес секторға қосымша салықтық ынталандыруды ұсыну; инвестицияларды тарту мақсатында инфрақұрылым құру сияқты шаралардың ауқымды кешенін қолданумен байланысты болады. Бұдан әрі ЕАЭО елдерінің өнеркәсібіндегі кооперациялық ынтымақтастықты дамытуға қолдау көрсету қажет. Ол үшін ЕАЭО елдері мынадай шараларды іске асыруы керек:
әріптестер іздеу үшін алаңдарды ұйымдастыру, келіссөздер жүргізу және алдын ала шарттар жасасу (субконтрактация биржалары);
кооперацияға әріптестер іздеу бойынша өнеркәсіп кәсіпорындарына консультациялық қолдау көрсету.
Бірлескен ірі жобаларды іске асыру негізінде Қазақстан РФ, ҚХР және Орталық Азия елдерінің қосымша күн тізбегін және ресурстарды пайдалану балансына бейімделуі керек.
Осыған байланысты мемлекетаралық өзара іс-қимылды арттыру құралдары ретінде шекара маңындағы аумақтардағы өндірістік және инфрақұрылымдық жобаларды жандандыру қажет.
2.3. Өңірлік стандарттар жүйесінің өлшемшарттары мен талаптарын айқындау
Өңірлік стандарттар жүйесі елдің бүкіл халқы үшін мүмкіндіктер теңдігі қамтамасыз етілетін инклюзивті қоғамды қалыптастыруға ықпал етеді.
Өңірлік стандарттар үшін көрсеткіштерді әзірлеу кезінде өмір сүру сапасын сипаттайтын әртүрлі индекстердің көрсеткіштері ЭЫДҰ-ның «Better life index»30, MERCER, «Әлем қалаларындағы өмір сүру сапасының рейтингі», Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының «Адами әлеуеттің даму индексі»31 ескерілді.
Өңірлік стандарттар жүйесінің мақсаты - ауылдық және қалалық жерлерде өмір сүру ортасы сәйкес келуге тиіс базалық талаптарды белгілеу.
Әкімшілік-аумақтық бірліктердің әрбір деңгейі үшін өздерінің базалық өңірлік стандарттары қамтамасыз етілуге тиіс. Өңірлер арасындағы және өңірлер ішіндегі өңірлік стандарттар жүйесінің игіліктері мен көрсетілетін қызметтерінің қолжетімділігіндегі алшақтықтарды қысқарту мақсатында бюджетаралық қатынастардың қайта бөлу процестерін құру қажет.
_______________________
30 ЭЫДҰ 11 аспект бойынша түрлі елдердегі әл-ауқатты салыстыру үшін әзірлеген индекс
31 БҰҰ әзірлеген адами капиталдың даму индексі
3-бөлім. Ел өңірлерін дамытудың болжамды параметрлері
Елді дамытудың болжамды параметрлерін есептеу Түйінді ұлттық индикаторлардың стратегиялық картасы ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары көрсеткіштерінің негізінде жүргізілді.
2030 жылға дейінгі ел өңірлерін дамытудың барлығы 9 болжамды параметрі кезделеді.
| 1) халықтың жан басына шаққандағы орташа нақты ақшалай кірісінің өсуі*, 2016 жылғы деңгейден % өсу | 2) ЖІӨ-дегі ШОБ-тың үлесі*, ЖІӨ-ге шаққандағы ЖҚҚ% | 3) халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі**, бір адамға м2 | 4) жыл басындағы жағдай бойынша урбандалу деңгейі, % | |||||
| 1 | 2 | 3 | і | 5 | ||||
| 2019 | 2030 | 2019 | 2030 | 2019 | 2030 | 2019 | 2030 | |
| Қазақстан Республикасы | 6 | 122,9 | 28,2 | 40 | 22,4 | 30 | 58,2 | 65 |
| Ақмола | 15 | 180,5 | 28,6 | 44 | 22,8 | 29,0 | 47,2 | 54,8 |
| Ақтөбе | 10,4 | 150 | 19,9 | 30 | 22,7 | 28,9 | 70,7 | 75,7 |
| Алматы | 16,7 | 226,3 | 28,5 | 43 | 19,4 | 24,6 | 22,4 | 33,4 |
| Атырау | -2,4 | 56,5 | 20 | 31 | 22,1 | 28,4 | 52,1 | 56,8 |
| Шығыс Қазақстан | 12,3 | 134,4 | 14,9 | 23 | 21 | 26,6 | 61,6 | 69,6 |
| Жамбыл | 7,8 | 89 | 20,1 | 31 | 17,1 | 21,6 | 39,7 | 48,1 |
| Батыс Қазақстан | 2,8 | 76,8 | 42,5 | 65 | 21,2 | 26,8 | 52,0 | 59,6 |
| Қарағанды | 8,8 | 91,8 | 13,8 | 21 | 24 | 30,4 | 79,6 | 85,4 |
| Қостанай | 16,3 | 189 | 27 | 41 | 22,8 | 29,0 | 54,5 | 61,6 |
| Қызылорда | 7,4 | 87,9 | 14,5 | 22 | 20,5 | 26,0 | 44,3 | 51,7 |
| Маңғыстау | 0,6 | 176,5 | 19,4 | 29 | 23,5 | 29,7 | 40,0 | 51,1 |
| Павлодар | 6,2 | 131,9 | 18,3 | 28 | 22,6 | 26,7 | 70,6 | 78,3 |
| Солтүстік Қазақстан | 6,9 | 113,7 | 26,3 | 29,4 | 22 | 27,9 | 45,6 | 51,7 |
| Түркістан | 0,2 | 95,5 | 23,2 | 35 | 18,1 | 24,3 | 19,6 | 27,6 |
| Астана қаласы | 0,5 | 112,1 | 48,7 | 74 | 32,6 | 42,2 | 100 | 100 |
| Алматы қаласы | 2,3 | 87,1 | 36,3 | 55 | 28,9 | 36,6 | 100 | 100 |
| Шымкент қаласы | 0,4 | 89,7 | 42,5 | 64,7 | 22,1 | 29,6 | 100 | 100 |
* Стратегиялық карта-2025 деректеріне сәйкес 2050 жылға дейінгі өсу қарқынына көбейтілген сырғымалы орташа шама әдісімен есептелген
** Тұрғын үйдің болжамды қоры өңірлер бойынша фактіге қатысты есептелген
| 5) АЕМ-нің Интернетке КЖҚ қамтамасыз етілуі***, бірлік | 6) жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі*, % | |||
| 1 | 2 | 3 | ||
| 2019 | 2030 | 2019 | 2030 | |
| Қазақстан Республикасы | 685 | 1250 | 71,0 | 97,0 |
| Ақмола | 0 | 47 | 74,3 | 98,3 |
| Ақтөбе | 11 | 36 | 56,0 | 97,6 |
| Алматы | 89 | 223 | 81,0 | 100,0 |
| Атырау | 16 | 18 | 57,0 | 95,4 |
| Шығыс Қазақстан | 33 | 111 | 81,0 | 98,5 |
| Жамбыл | 68 | 119 | 85,0 | 100,0 |
| Батыс Қазақстан | 60 | 92 | 31,0 | 75,7 |
| Қарағанды | 27 | 52 | 80,0 | 100,0 |
| Қостанай | 32 | 53 | 69,0 | 98,0 |
| Қызылорда | 56 | 73 | 65,0 | 95,0 |
| Маңғыстау | 1 | 8 | 93,0 | 100,0 |
| Павлодар | 6 | 34 | 82,6 | 100,0 |
| Солтүстік Қазақстан | 0 | 79 | 65,0 | 99,5 |
| Түркістан | 286 | 305 | 74,1 | 100,0 |
| Астана қаласы | - | - | - | - |
| Алматы қаласы | - | - | - | - |
| Шымкент қаласы | - | - | - | - |
* Стратегиялық карта-2025 деректеріне сәйкес 2050 жылға дейінгі өсу қарқынына көбейтілген сырғымалы орта шама әдісімен есептелген
*** Дереккөз: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
7) ЖЭК-тен алынатын электр энергиясының үлесі (ірі СЭС-тен басқа) жалпы өндіріс көлемінен %-пен 2019 жылға қарай 2,3%-ке, 2030 жылға қарай 10%-ке жетуі тиіс****;
**** Дереккөз: ҚР Энергетика министрлігі
8) «Өңірлер арасында жан басына шаққандағы ЖӨӨ бойынша дамудың алшақтығы»* Стратегиялық жоспар-2025-те көрсетілген әдістеме бойынша есептелген (мәні ең томен 9 өңірмен салыстырғанда мәні ең жоғары 8 өңір) және ол 2019 жылға қарай - 3,2 және 2030 жылға қарай - 2,6 есені құрайды;
9) «Қалдықтарды өңдеу үлесі»**** 2019 жылға қарай - 14%, 2030 жылға қарай - барлық түзілетін ТҚҚ көлемінің 40%-ке жетуге тиіс.
Аумақтық-кеңістікте дамыту құжаттарының өзара байланысының институционалдық схемасы
Болжамды схеманы іске асыру мемлекеттік жоспарлау жүйесінің төмен тұрған құжаттарын - мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегияларын іске асыру арқылы жүзеге асырылады.
Аумақтық-кеңістікте дамыту құжаттарын сатылап жасау үшін «Болжамды схема - Өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы - Аумақтарды дамыту бағдарламаларының» әдіснамалық сабақтастығын қамтамасыз ету қажет. Бұл ретте өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына ерекше функционалдық рөл беріледі, ол өңірлердің қажеттіліктері мен әлеуетін ескере отырып, өңірлер арасында қаржыландырудағы теңгерімсіздіктерге жол бермей, басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде бюджет қаражатын бөлуді матрицалық схема бойынша белгілеуге тиіс. Өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы халықты өмір сүру сапасының өңірлік стандарттарымен қамтамасыз етудегі алшақтықты қысқартуға түрлі салалық индикаторлардың, көрсеткіштердің әсерін есепке алу бөлігінде үйлестіруші құжатқа айналуға тиіс.
Аумақтық-кеңістікте жоспарлау сатылас деңгейде құжаттардың бір-бірімен өзара үйлесіміне байланысты.
Қорыта келе, аумақтарды дамыту бағдарламалары айрықша маңызға ие, өйткені олар нақты игілік алушыға қатысты. Жергілікті атқарушы органдар өз қызметін жоғары тұрған құжаттардың басымдықтарын, бастамаларын негізге ала отырып жоспарлауға, көрші өңірлермен жоспарлауды үйлестіруге, ауқымды консультациялар негізінде жергілікті халықты қатысуға тартуға тиіс.
«Төменнен жоғары» жүйесі шеңберінде өңірлерден шығатын барлық бастамалар ескерілуге тиіс, оларға өз кезегінде орталықтан әдіснамалық және институционалдық қолдау көрсетілуі керек.
Кеңістікте басқаруға арналған бірыңғай ақпарат базасы
Кеңістіктік және статистикалық деректердің инфрақұрылымы аумақтық-кеңістікте дамытудың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеу үшін қажетті шарт болып табылады.
Өңірлік талдауды жақсарту үшін аумақтық деректер мен статистикалық есепті жақсарту қажет. Аумақтық деректердің болуы өңірлердің әлеуетін ашуға көмектесе алады.
Қазіргі уақытта жергілікті деңгейде коп статистикалық деректер қажет. Ағымдағы деректер әкімшілік аудандар үшін ғана қолжетімді және олардың еңбек нарығының құрылымдары мен күнделікті өмірдің басқа да аспектілеріне сәйкес келуі міндетті емес. Тиісінше ФҚА, қалалар, агломерациялар бойынша статистикалық деректерге қажеттілік бар.
Аумақтық-кеңістікте жоспарлау мақсаттары үшін деректер Кеңістіктік деректердің ұлттық инфрақұрылымында болуға тиіс.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2021 жылға қарай «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде үш жобаны - «Кеңістіктік деректердің ұлттық инфрақұрылымын» (бұдан әрі - КДҰИ), «Ұлттық геоақпараттық жүйені», «Жылжымайтын мүлік объектілерін кадастрлық есепке алудың және оларға құқықтарды тіркеудің бірыңғай ақпараттық жүйесін» әзірлеуді аяқтайды.
КДҰИ деректерін пайдалану көп жағдайда аумақтарды аумақтық-кеңістікте ұйымдастыруды және нарықтардың жұмысын, әсіресе, тұрғын үй нарығы мен жұмыс күші нарығын, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын және олардың даму үрдістерін жақсы түсінуге ықпал етеді.
Кеңістіктік деректер инфрақұрылымы шетелде аумақтық-кеңістікте жоспарлау процесінде белсенді қолданылады.
АҚШ, Жапония, ҚХР, Аустралия, Канада, Үндістан, Малайзия, Еуроодақ елдерін аумақтық-кеңістікте дамытуда Кеңістіктік деректердің ұлттық инфрақұрылымы кеңінен пайдаланылады.
КДҰИ-ды пайдалану:
ақпаратты тереңдетіп талдамалық өңдеу негізінде қабылданатын шешімдердің сапасын арттыруға;
ақпараттық-талдамалық жүйелерді пайдалану базасында басқарушылық шешімдердің салдарын болжауға және модельдеуге;
өңірлердің инвестициялық тартымдылығын арттыруға;
төтенше жағдайлардың алдын алуға және олардың салдарын тиімді жоюға;
жер ресурстарын тиімді пайдалануға және ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға;
инженерлік желілердің, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің болуы, ұзақтығы, жай-күйі туралы толық ақпаратты шоғырландыру және оларды демографиялық болжаммен байланыстыру есебінен неғұрлым тиімді бюджеттік жоспарлауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
4-бөлім. Өңірлерді перспективалы дамыту схемалары
1. Халықтың перспективалы қоныстануы
2. Теміржол көлігін дамыту және әуежайлар
3. Урбандалу деңгейі
4. Халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуінің 2030 жылға дейінгі болжамы
5. Газбен жабдықтау және электрмен жабдықтау жүйесін дамыту
6. ЖЭК-тің даму әлеуеті, ТҚҚ-ны қайта өңдеу
7. Өңірлердің перспективалы экономикалық мамандану схемасы